Bugin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 Зауыттың жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқарады. Серіктестік директоры Абылай Тыныбаев 11 мақта қабылдау бекетінде мақта жинақталып, 3 бекетте қырманнан өнім қабылданып жатқанын жеткізді. Биыл 50 мың тонна мақта өңдеуге ниетті. Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорында өңдеу барысында мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөлінген.  

 

«Мырзакент» ЖШС мақта өңдеу зауыты да қазіргі таңда жұмыс қарқынын арттырған. Аудандардағы мақта қабылдау бекеттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайтын кәсіпорынның бас директоры Берік Қыдыралиев облыс әкімінің орынбасарына мақта өндірісін дамыту, жоғарғы сұрыпты тұқым өндіру және мақта өңдеу барысындағы сақталуы тиіс талаптар бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. 

  

Биыл Мақтаарал ауданда 33,7 мың гектар алқапқа мақта егілген. Қазіргі таңда мақта дақылын дефолиациялау жұмыстары толықтай жүргізілген. Қазірдің өзінде аудан бойынша 18 мың гектар алқаптан мақта теріліп, 48 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемі 92,3 мың тоннаны құрап, жалпы орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерден түседі деп болжануда.