Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін екінші жыл қатарынан үздік деп танылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің Түркістан қаласындағы кезекті көшпелі жұмыс отырысының ашылуында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға арнайы табыстады. Былтыр Ақтау қаласында өткен республикалық жиында да үздік атанған болатын.
Айта кетейік, аталған кітапхана ұжымы тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде бірнеше жыл қатарынан елімізде көш бастап келеді. Кітапхана басшысы «Жыл кітапханашысы-2022», облыстық «Жыл үздігі-2022» номинациясында «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» атанған болатын. Былтыр «Рухани қазына-2023» фестивалінің нәтижесінде Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» болып танылды.