Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Әлеуметтік желіде Талғардағы қанды оқиғадан тағы бір видео тарады. Видеода Шерзатттың әкесі пышақ ұстап жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінді. Олардың көбі Шерзаттың әкесін кінәлап бастады. Бірақ Қаржаубай Нұрымов бұл ойдың дұрыс еместігін жеткізді.
“Атып кетсе де, пышақтап кетсе де, соттатып жіберсе де... Сол үшін айтарым, тек отбасымның амандығы керек. Бауырым әке-шешем, бала-шағам, соларды мен Алматы қаласынан, Алматы облысынан алып шығып кетсем болды. Осы айтатыным. Қолымнан келгенше сабырлықпен, ақылға салып, артын ойлап, қолымнан келгенше тырысып жатырмын. Ешкімнен қорқып тұрғаным жоқ. Бірақ сұрайтыным, президентімізден, министрден әділ сот болуын сұраймын. Әлсіздігімді ешкімге көрсетпеймін. Иә, шындықты айтып қойдым. Талғардағы, әкімдіктегі былықты, ауруханадағы былықты. Сол үшін өлтіретін болсаңыздар да, менің бауырларым, ата-анам көрмесін, ататын болсаңыздар да. Мені жоқтап жыламасын деймін. Ал менің қылмысым бар екен, олар пышақпен келді. Мен ол жерде енді қалам ұстап шықпайтын шығармын? Болмаса қағаз алып... Жалбарынып-жалынып сұрадым олардан. Қолдарынан алып. Қолдарын еркекше беріп кетті сол жерде «болды» деп. Енді артынан келіп істеп отырған тірлігі. Менің отбасым, мен, Шерзат, Нұрқанат болып қан төксек, қараласаңыздар болады. Қан төкті бұлар, қанішер деп. Мен қан төккенім жоқ, қан төкпеймін де”, - деді ол.
Еске салайық, Шерзаттың өлімінен кейін танылған хуторлық Хасан алғаш рет сұхбат бергенін хабарлаған едік.