Bugin

Шерзаттың өлімі: күдіктілердің бірінің анасы видеүндеу жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Желіде Талғардағы Шерзат Болат ісі бойынша күдіктілердің бірінің анасы видеоүндеу жасады. Облыстық полиция өкілдері видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Күдіктінің анасы президентке, бас прокурорға және ішкі істер министріне видеоүндеу жасаған. Видеодағы әйелдің айтуынша, оның ұлы мен ұлының досы негізсіз қамауға алынған. Оларға қылмысты хабарламау және жасыру бойынша айып тағылып отыр. Алайда әйел олардың қылмыс орнында болмағанын, тек кейінірек, болары болып біткеннен кейін ғана барғанын айтады. Ұсталған жігіттерден алдымен жауап алынып, кейіннен босатылған. Бірақ 13 қазанда әйелдің ұлын қайта ұстап алып кеткен. 

Алматы облысының полиция департаменті видеоға түсінік берді. 

“13 қазанда үш күдікті қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті К. қылмыс туралы хабардар болғаны анықталды. Соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі толық және объективті тергеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның аясында барлық қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген полиция Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, Талғарда Шерзат есімді жасөспірім бала кісі қолынан қаза болған еді.