Bugin

“Қол-аяғын байлап аяғыма әкеліңдер”: Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі суретке пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желіде тараған талғарлық Хасанмен бірге түскен суретіне пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әнші Хасан деген адамды танымайтынын айтты. 

“Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды, интервью беріп сайрап отыр ғой, “жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын” деп, егер шын ақиқатты білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап әкеліңдерші менің аяғыма. Айтатынымды оған да айтам” - дейді әнші.

Еске салайық, бұған дейін хуторлық Хасан алғаш рет сұхбат бергенін хабарлаған едік.