Bugin
Фото: freepik
Елорда аумағында "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен үш адам және іздеуде жүрген бірнеше күдікті анықталды.
Елорданың полиция департаменті хабарлағандай, рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады.
"Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген. 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық", - делінген ПД хабарламасында.
Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.