Bugin

Талғарда изолятордан қашып кеткен күдіктінің кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы облысы ПД

Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 26 жастағы тұрғын. Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаев зорлау бойынша күдікті деп танылған. 

 

"Егер сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102",  - делінген хабарда.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан ер адамның қашып кеткенін хабарлаған едік.