Weekend

Жаһандану жарыққа жол аша ма?

Жаһандық даму

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаһандану – бұл бүкіл әлемдегі экономикалар мен қоғамдардың интеграциясы болып табылады.Ол адамзат тарихындағы өзгеше құбылыс, тауарлардың, ақпараттардың,білімнің және мәдени құндылықтардың алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Алайда соңғы онжылдықта бұл жаһандық интеграцияның қарқыны технологиялар, коммуникациялар, ғылым, көлік және өнеркәсіп салаларында бұрын-соңды болмаған жаңалықтар алып келуде. Оған қоса жаһандану адамзаттың дамуын жеделдетеді,бірақта бұл процесс  қиындықтар алып келуі мүмкін. Сондықтан дәл қазіргі уақытта жаhaндану көптеген пікірталастарға себепші болып отыр. Экономикалық интеграция, елдердегі импорттық тарифтер сияқты шектеулерді босатып, өз экономикаларын инвестициялауға жол ашуда. Бұл көзқарасқа жаһандану сыншылары әлемдік сауда жүйесі дамыған елдерге даму көрсеткіші төмен елдер зиян келтіреді деп түсіндіреді. Олардың айтуы бойынша ешқашанда барлық ел дамуы бірдей деңгейде бола алмайды. Өйткені көптеген ерекшеліктер бұған жол бермейтін көрінеді.Жаһанданудың жақтаушылары Вьетнам, Үндістан, Қытай және Уганда секілді ашық есік саясатын ұстанатын елдер болып табылады.

Барлық елдердің жаһанданудан пайда алу үшін халықаралық қоғамдастық дамыған елдердің мүдделеріне сай келетін және әділетті жүйені құра отырып, халықаралық саудадағы теңгерімсіздікті жою үшін көптеген іс-әрекеттер атқаруда. Жаhандану дамыған көп мемлекеттерге аса пайдалы болмаса да, Қазақстан секілді дамушы мемлекеттер үшін берер сауабы мол.

Осыған байланысты  мысалға, Үндістан  елі жаhaандануға жол ашқалы, яғни соңғы  20 жылда онда кедейлік деңгейі екі есе азайды. Сол секілді Вьетнамда тұратын ең кедей деген отбасылардың 98%-ы өздерінің өмір сүру жағдайларының біршама жақсарғанын айтады.

Жаһандану басқа елдерге көмектесе алды. Дегенмен кейбір қателіктерге байланысты жаhaнданудың жарығын жаға алмағандарымыз да бар. Жалпы сарапшылар пікірінше, елдердегі инфрақұрылымның дамымауы, әлсіз институттар және үкіметтің ішіндегі сыбайлас жемқорлықтар әсерінен болып жатыр. Ал басқа жағынан алып қаоасақ,олар қолайсыз географиялық жағдай мен климаттық жағдайларға байланысты  да жаһандық өсу үдерісіне қосыла алмаған болар.

Соңғы бірнеше жылда жаһандану процесіне АҚШ қарсы шығып отыр. Дегенмен, "Pugh Research Center "жүргізген соңғы зерттеулерге сәйкес, көптеген дамушы елдерде жаhандану процесі интеграцияның әр түрлі аспектілеріне, әсіресе сауда және тікелей инвестицияларға тікелей қолдау білдіріп отқандығы байқалады. Тіпті Африканың оңтүстік  бөлігінде  тұрып жатқан xалықтың 75%-ы әртүрлі корпорацияларда қызмет атқаруда. Басым көп бөлігі үй шаруашылығына байланысты жұмыстармен шұғылданады. Сөз соңында жаhандану арқылы жарығымызды қосуға немесе сөндіруге болады. Елімізге беріліп тұрған мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет.