Bugin
Фото: freepik.com
Жамбыл облысының екі ауылында екі күнбе 6 адам газдан уланды. Олар оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам ауыр халде ауруханада жеткізілген. Алғашқы оқиға Жамбыл ауданы, Қызыл Шарық ауылындағы жеке тұрғын үйде 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында болған. Табиғи газбен сөнген пештің салдарынан үш адам уланған. 1963 жылы туған үйдің иесі мен оның 1988 жылғы ұлы қайтыс болды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Ал 16 қазанда Т.Рысқұлов ауданындағы ауылда жеке тұрғын үйде шәйнек қайнап жатқан кезде газ плитасының сөніп қалуынан газ шығып кеткен. Табиғи газдан улану салдарынан үйдің 1967 және 1975 жылы туған иелері, сондай-ақ олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары қайтыс болды.