Bugin
Фото: Алматы облысы ПД
Талғарда уақытша қамау абақтысынан қашқан ер адам жиенін зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
26 жастағы ер адам екі күн бұрын Талғар аудандық полиция басқармасында орналасқан уақытша қамау абақтысынан қашып кеткен.
Бұрын да заң алдында жауапқа тартылған азамат кейіннен анасымен бірге тұра бастаған. Әжесі үйге 8-сынып оқитын немересін әкелген. Ол қызға осы ағасы зорлық-зомбылық жасаған.
Еске салайық, бұған дейін 26 жастағы ер адам туралы тың дерек шыққанын хабарлаған едік.