САЯСАТ

Түркістан облысында Өзбекстанмен бірлескен коммерциялық жобалар іске асырылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Самарқанд қаласындағы «Өзбекстан-Қазақстан» IV өңіраралық форумының қорытындысы бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлері бірқатар коммерциялық келісімдер жасады. Бұл туралы аймақ әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Өзбекстан Республикасы мен Түркістан облысы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

«Өткен жылы ғана тауар айналымы $422 млн-ды құрады, оның ішінде $253 млн-ы Өзбекстанға біздің тауар экспортымыз. Қазақстан негізінен ет, бидай, ұн, майлы дақылдар мен картопты экспорттайды. Өзбекстаннан бізге бақша және көкөніс дақылдары келеді. Біз 14 құжатқа қол қойдық, оның жалпы сомасы $68 млн болатын алты жобасы коммерциялық болып саналады. Біз бұдан әрі сауда қатынастарын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашатын бірлескен кәсіпорындар құратын боламыз. Бүгінгі таңда алты жобаға қол қойылды, олар бізге 500 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Нұралхан Көшеров.