Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Бүгін Арыс қалалық мәдениет үйінде кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай, салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қала тұрғындары мен оқырмандар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы өз сөзінде кітапханашылардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың мәдениет пен білімді дамытуға қосқан үлестеріне жоғары баға берді. Кітапханашылардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, олардың болашақ ұрпаққа білім мен руханияттың терең мәнін жеткізудегі қызметтерін ерекше атап өтті.
Шара барысында кіл үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Кітапханашыларға арнайы мерекелік төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі», «ҚР құрметті кітапханашысы» және «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Жиын соңында қала әкімінің алғыс хаттарымен бірқатар қызметкерлер мен белсенді оқырмандар марапатталды. Белсенді оқырмандардың түрлі мәдени және танымдық шаралар ұйымдастырудағы үлесі де назардан тыс қалмай, олардың еңбектері арнайы алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік жиында бар ғұмырын кітапхана ісіне арнаған еңбек ардагерлеріне қала әкімінің арнайы сый-сияпаты тарту етілді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күн кітапханашылар мен қала тұрғындары үшін ерекше бір рухани мерекеге айналды.