Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Талғарда уақытша қамау абақтысынан қашқан ер адам бұған дейін көршілерінің қорасын паналаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Журналист Гүлмира Әбіқайға оқырмандарынан видео келген. Видеода келіншек түрмеден қашқан жігіттің паналаған жерін көрсетті. Өздері кенеттен байқап қалған көрінеді. Жігіт қайта қашып кеткен.
26 жастағы ер адам 21 қазан күні Талғар аудандық полиция басқармасында орналасқан уақытша қамау абақтысынан қашып кеткен.
Бұрын да заң алдында жауапқа тартылған азамат өзінің жиенін зорлағанын хабарлаған едік.