Bugin
Фото: Қ.Бақтиярқызының инстаграм парақшасынан
Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызының соңғы видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Марқұм тұсау кесер тойға баруы керектігін, бірақ кенеттен ауырып қалғанын айтты.
“Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм ақын.
Еске салайық, бұған дейін Құрманай Бақтиярқызы дүниеден өткенін хабарлаған едік.