Bugin
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында 2 бірдей жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Түймекент ауылында орын алған. Бірінші күні бір жасөспірім өзіне қол салды. Ал келесі күні тағы біреуі суицидке жол берген.
Бұл туралы ақпаратты облыстық прокуратура растады.
Қазіргі таңда Байзақ аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.