Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай - Әулиекөл - Сұрған республикалық тасжолында жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 28 қазанда таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендері арасында болған.
59 жастағы TANK маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ-2112 маркалы көлікпен соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан ВАЗ көлігіндегі төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.