Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында жол апатынан 40 жастағы жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында болды.
LADA Largus жүргізушісі рөлге ие алмай, ағашқа соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.