ҚОҒАМ

Қазхром комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы

Қазхромға тиесілі Дөң тау-кен байыту комбинатында екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ауыр жүк көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, аударылған. Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал компания қаза тапқандардың отбасына көмек беретінін айтты.

Оқиға туралы Мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. "Қазхром ТҰК" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мен туыстарына көңіл айтады. Компания отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетеді,-делінген зауыттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН ОСЫ СІЛТЕМЕДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗ!