ҚОҒАМ

Алматы облысында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.