Bugin

Ұлытау облысында 11 әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ұлытау облысында су тасқынына қарсы шараларды қолданбаған 11 әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бас прокуратураның мәліметінше, талдау қорытындылары бойынша I және ІІ санаттағы 66 оператордың өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептерді ұсынбауының 125 фактісі анықталды. 

Олардың қатарында жер қойнауын пайдаланушылар, коммуналдық кәсіпорындар, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары бар. 

Аталған фактілер бойынша прокуратура Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 11 ауылдық округ әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. 

Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша Экология департаменті қалған табиғат пайдаланушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында әкімдер сотталатынын хабарлаған едік.