Bugin
Фото: freepik.com
Испанияда нөсер жауынның арты тасқынға ұласып, 95 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Соңғы 30 жылда алғаш рет жауып тұрған жауын елді әбігерге салды. Су тасқынынан Испанияның шығысында, орталық және оңтүстігінде кем дегенде 95 адам қаза тапты. Табиғи апат жолындағы қала мен ауылды, ағаш пен көліктерді, автомобиль және темір жолдарын қиратып жатыр. Ондаған адам із-түссіз жоғалған.
Сәрсенбі күні таңертең Испания премьер-министрі Педро Санчес елді бірлікке, сақтыққа шақырды.
“Біз қырағылықты жоғалтпауымыз керек, өйткені ауа райы фронты әлі де хаос туғызуда және бұл жойқын эпизод қашан аяқталғанын айта алмаймыз”, - деді ол.
Андалусия, Валенсия, Арагон, Кастилия мен Леон, Каталония, Эстремадура, Наварра, Ла-Риоха және Сеуте аймақтарында әлі де ауа райына байланысты ескерту жасалып жатыр.