Bugin
Фото: Википедия
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жыл сайын 12 мың адам аты-жөніне өзгерістер енгізетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Бұл норма “Неке және отбасы туралы” кодекспен реттеледі. Әділет министрлігі ел азаматтарының аты, тегі, әкесінің атын өзгерту туралы арнайы статистика жүргізбейді. Алайда біздің мәліметімізше жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгерістер енгізеді. Сонымен бірге, “Неке және отбасы туралы” Кодексте жеке тұлғаның тегін «тегі”, “ұрпағы”, “немересі”, “шөбересі”, “келіні” және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді деп бекітілген”, – дейді Талғат Уәли.
Жалпы Қазақстан азаматтары атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар он алты жасқа толған және атын және әкесінің атын, тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді.