Woman

Қазақ қыздарына хиджаб кию парыз ба?

Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» дейді халқымыз. «Танымас жерде тон сыйлы» деген мақал тағы бар. Қалай десек те, бірінші рет көріп тұрған адамның сен жайлы алғашқы пікірі сыртқы келбетіңе орай туындайтыны сөзсіз. Өйткені, адамның киім киісі – оның ішкі әлемінің айнасы.

Сонымен қатар, әрбір киімнің киетін орны бар. Жалпы, киім кию үрдісінің тек сән емес, тәрбие құралы, белгілі мақсатты жүзеге асырудың тиімді тетігі екенін аңғару қиын емес. Олай болса, елімізде соңғы кезде қоғамдық пікір көрігін қыздырып тұрған «хиджаб» кию мәселесіне бей-жай қарамау қажет. Өйткені, басқасын былай қойғанда, осы жай қалың қауымды екіге жарып, елдің ымыра-бірлігіне қауіп төндіріп отыр. Атам қазақ қашан да ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Соның ішінде қыз балаға болашақ келін, аяулы жар, асыл ана деп тәлім-тәрбие берген.

«Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек», «иықтан шашы қос өрім боп жерге төгілген», «ашық маңдай, қиғаш қас, ботадай мөлдіреген көз, оймақ ауыз, қыпша бел», – деп кезінде ақын ағаларымыз жырға қосқан қазақ арулары қазір сол бейнені жоғалтып алып жүрген жоқ па? 


Хиджаб («Қалқан», «шымылдық») – ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл мұсылман әйелдерінің көшеге шыққанда денесін жасыру үшін киетін киімі. «Желбегей, жамылғы» дегенді білдіреді. Бірақ кей деректерде ол араб елінің ұлттық нақышты киімі делінген. Сонда араб елінің мәдениетін неге қазақ қыздары ұстануы тиіс? Неге қазақтың қара домалақ қыздары бөгде елдің ұлттық киімін киюге міндетті. Қазақтың кереметтей етегі желбіреген қазақ көйлектері мен сәукелесі Ислам өркениетіне қайшы келгені ме? «Қазақ халқының тарихында, біздің дінімізде ешуақытта мұндай дәстүр болған емес. Шын дінді, оған таңылған басқа діннен ажырата білуіміз керек».