Bugin
фото: Келес ауданы әкімдігі
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кітап – әр адамның өмірлік досы» демекші, дaнaлықтың қaйнap бұлaғы, биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы кітапхана ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы негізгі алтын көпір болып келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «24 қазан – Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін жариялауы бүгінде ғасырға жуық тарихы бар білімнің, елімізді, егемендігімізді танытатын рухани орда қызметкерлері – кітапханашыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен құрметтің белгісі.
Бүгінде рухани өміріміздің тарихи деректер мен құнды дүниелерді, ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.
Осы орайда қасиетті қазынамызды көздің қарашы¬ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелеріне Келес аудандық кітапханада «Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Салтанатты шара Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінің қызметкері Әділ Махановтың орындауында «кітапханшы қыздар» әнімен басталды. Шараға арнайы қатысқан Келес ауданы әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы ізгі лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Мерекелік шарда кітапханашылар Баймұратова Гаухар мен Алдабергенова Убайда «Біз кітапханашы» әнін әуелете шырқады. Шара соңында кітапхана басшысы Ғалия Манахова жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттады.