Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Келес ауданындағы №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінің түлегі Сейдолла Бексұлтан Ұлыбританияға барып жеңіспен оралды. Казіргі таңда әскери қызметте жұмыс жасайтын мектеп түлегі, оқу ордасының мақтанышы болып табылады. Бексұлтанға бастауыш сыныпта сабақ берген сынып жетекшісі Меруерт Акирова оның жас кезінен талапшыл болғанын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
“Бірінші сыныптан бастап шәкіртімнің жауапкершілігі өте жоғары дәрежеде болды. Жоғары сыныпқа барғанда Сакен Қамбаров сынып жетекшілік жасап,тәрбие мен білімін қатар бақылап Бексұлтаның бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігін оятты. Ол 2017 жылы Көкшетау кадет корпусына түсіп, 2019 жылы бітірді. Қазіргі таңда Капшағай қаласына десанттық шабуыл бригадасына гвардия аға сержанті қызметін атқаруда. Ол Қазақстан Республикасы қарулы күштер десанттық шабуылдау әскерлерінің әскери спорттық кешені көп сайысы , әскери үш сайыс,армиялық жекпе жектен екі дүркін чемпионы , Қазақстан Республикасы қоян қолтық ұрысы чемпионатарының бірнеше дүркін жүлдегері”, - дейді сынып жетекшісі.
Айта кету керек, №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 927 оқушы білім алуда. Білім ордасын бітіріп кеткен түлектер ішінде әскери қызмет атқарып жүрген шәкіртер көп. Мектеп ұжымы осында шәкірттерін мақтан тұтады.