Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Хасан Қасымбаев туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы облысынан Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Хасан Қасымбаевпен қарым-қатынасы туралы әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ол Хасан Қасымбаевпен туыс екенін жасырмады.
“Оның облыс тұрғындары сияқты алыс туысым екенін растай аламын. Өздеріңіз білетіндей, қазақтарда туыстық қатынас көп болады. Дегенмен, біз тұрақты байланыста болған жоқпыз. Олардың бізбен қатынасы көбінесе отбасылық жиындар мен жерлеу рәсімдерінде, алыс туыстар жиналғанда ғана ұшырасуы мүмкін еді. Иә, әлеуметтік желілерде Талғардағы Қасымбаевтар ісіне менің ықпалым бар деген мақалалар мен видеоларды көрдім. Мен ешкіммен байланысқа шықпағанымды және Талғар ауданы әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Қасымбаевтың қызметте қалуына ешқандай шара қолданбағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Сонымен қатар мен Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеуге де ешқандай ықпал етпедім және ықпал жасауға тырысқан жоқпын”, - деп мәлімдеді сенатор.
Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылғы қылмысы үшін ұсталғанын хабарлаған едік.