Bugin
Фото: freepik.com
7 қараша күні Таразда жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 әйелдің мәйіті табылды. Күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тараз қаласында екі әйелді өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігітті полиция ұстады.
Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдердің бірі 54 жаста, екіншісі 46-да болған.
"Полиция бұрын сотталмаған 28 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сондай-ақ жеке тұлғаны тіркеусіз тұруына жол бергені үшін жалға берілетін тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, - делінген хабарламада.
Бұған дейін полицияға қылмыс болған пәтерге қатысты ешқандай шағым түспеген.