Bugin

Адам ұйықтағанда ми қалай жұмыс жасайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Соңғы екі онжылдықта ғалымдар өздерінің назарын мидың пассивті режимінің желісіне бұрды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Ғалымдардың зерттеуінше, адам ұйықтағанда мидың бір-бірімен байланысты емес аймақтары жақсы жұмыс жасайды. Оның белсенділігі бізде нақты тапсырмалар болмаған кезде артады. Сонымен қатар мамандар нейрондық желілер біздің ішкі тәжірибемізді басқаруда қандай рөл атқаратынына қызығушылық танытты.

ХХ ғасырдың аяғында неврологтар сканерлеу құрылғыларында тапсырмаларды орындаған адамдардың миының дәлірек суреттерін алу үшін жаңа әдістерді қолдана бастады. Болжам бойынша, осы сәтте белгілі бір салалардағы белсенділік артты. Алайда, мамандарды таңқалдырғаны, адам әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде мидың бірдей аймақтарында жылдамдық арта түседі. Нейробиолог Маркус Рейхл мұндай аймақтар мидың тыныштық күйінде маңызды рөл атқарады деп болжады. Әрі адам көзін жұмғанда ми тынышталып, нақты істерді жоспарлай алады екен.