Weekend
Бұлар селективті аборттың құрбандары
Бұл мәселенің бетін ашпас бұрын, селективті аборттың не екенін біліп алайық.
Селективті аборт – ата-аналардың, нақты жынысы бар ұрықтан әдейі бас тартуы жүзеге асырылатын аборттың дискриминациялық түрі.
Жалпы есеппен алғанда 23 миллион қыз бала дүние есігін ашпаған. Оған себеп, олардың ата-аналарына болашақ баласының жынысы ұнамай, қалыпты жағдайдағы жүктілікті тоқтатуы.
Салыстыру үшін, 23 млн дегеніміз, Испания халқының тең жартысы немесе Австралия тұрғындарының саны. Бельгия және Кубадағы халық санынан екі есе, Дания мен Финляндия халқынан төрт есе көп.
Бұл, өткен аптада америкалық Ұлттық ғылым академиясының көлемді зерттеулерінің мәліметтері.
Ғалымдар әлемдегі соңғы он жылдықтардағы туу көрсеткішін талдап, бірнеше мемлекеттерде, жаңа туған сәбилердің жыныстарындағы өзара айырмашылықтың кенеттен болған өзгерісін байқаған. Яғни, бір жыныстың сәбилері, екінші жыныстар әлдеқайда көп болған. Дүниеге ұл балалар көп келіп, қыз балалар саны азайған.
Бұл үрдіс 11 елде айқын көрініс тапқан. Соның үшеуі посткеңестік мемлекеттер: Армения, Әзірбайжан және Грузия. Алайда, тоқтатылған жүктіліктің басым көпшілігі, халық тығыздығы көп мемлекеттер - Үндістан мен Қытайға тиесілі.
Қажетсіз қыз балалар
Орта есеппен әр 100 жаңа туған қыз балаға, 105 ер баладан келеді екен. Жылдан жылға бұл айырмашылық белгілі-бір жаққа қарай сәл құбылса да (1,03-1,07), жалпы алғанда, қай мемлекетте болмасын, өзгеріссіз қалады.
Алайда, 40 жыл бұрын пайда болған, тумаған сәбидің жынысын анықтау технологиясы, селективті аборттар тәжірбиесін қалыптастырды.Сол себепті, болашақ ата – аналар, ұл не қыз күтуіне байланысты, ұрықты қалдыру не қалдырмау мәселесінде таңдау еркіне ие болды.
Көптеген отбасылар, болашақ баланың жынысын ұнатпаған жағдайда, жатырдағы ұрықты алдырып тастайды. Кейбір мәдениеттерде, көбінесе ұл баланың дүниеге келгені құпталады.
Сондықтан, көптеген мемлекеттерде, дәрігерлерге болашақ баланың жынысын хабарлауға тыйым салынады - әсіресе, аборт жасауға ыңғайлы жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде.
Ер балалар өте көп
1973 жылдан 2017 жылға дейінгі, екі жүз мемлекеттегі туу көрсеткішіне қатысты статистиканы зерттеген американдық және сингапурлық ғалымдар бірнеше заңдылықтан ауытқыған деректерді ашқан. Ол мәліметтер белгілі – бір кезеңде жаңа туған сәбилердің жыныстарының өзара ара қатынасының тез және үйлесімсіз өзгеруімен байланысты.
Мысалы, 2005 жылы Қытайда жаңа туған 100 қыз балаға 118 ер баладан келсе, 1995 жылы Үндістанда жаңа туған 100 қыз балаға 111 ер баладан келген.
Ер балалардың туылу көрсеткішіне байланысты, осы және өзге де заңдылықтан ауытқыған мәліметтер келесі тоғыз мемлекетте тіркелген: Албания, Армения, Әзірбайжан, Вьетнам, Грузия, Тайвань, Тунис, Черногория және Оңтүстік Корея.
Селективті аборттардың ең алғаш толқыны басқан мемлекет – Үндістан. 1975 жылдан бері, бұл елде ұл балалар өте көп туылады және бұл үрдіс әлі де жалғасуда.
1980 жылдың басында бұндай жағдай Қытайда, Кореяда, Тайваньда, Тунисте және Черногорияда орын алды. Қазірге кезде Қытайдан басқа, жоғарыда айтылған төрт мемлекетте жыныстардың өзара ара қатынас көрсеткіші әдеттегі қалыпқа келе бастады. Қытайда 100 қыз бала, әлі 114 ер баладан келеді.
Бұрынғы кеңестік республикалар – Армения, Әзірбайжан, Грузияда селективті аборттар көрсеткіші, Кеңес Одағының құлауымен басталды және туу көрсеткішінің жалпы төмендеуімен тұспа-тұс келді.
Грузиядағы жағдай қалып түссе, Армения мен Әзірбайжанда селективті абортар мәселесі әлі кең таралған. 2017 жылы, бұл мемлекеттерде әрбір жаңа туған 100 қызға, 112-113 ер баладан келген.
Біріншіден, бала туа алмай жүрген отбасылар бар екенін ұмытпауымыз қажет. Қыз бала болсын, ұл бала болсын, екеуі де Құдайдың сыйы деп қабылдауымыз керек. Екіншіден, медицина мен технология қанша мықты дамыса да, аборт ол қиын нәрсе. Оның да зиянды салдары көп. Үшіншіден, "Алып анадан туады" дейді халқымыз. Дәстүрімізге және дінімізге сай, ертеден қыз баланы қадірлеп, мәпелеп өскен елміз. Осыны ұмытпайық.