Bugin
Фото: freepik.com
Ваннаға шомылдыру кезінде бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 4 қарашада Ақтау қаласының 29А ықшам ауданында болған.
"29-шы ықшам аудандағы №3 үйден 4 қарашада сағат 22:38-де бір жасар баланың денсаулығына байланысты шақырту келіп түсті. Әкесінің айтуынша, нәресте ес-түссіз болған. Дәрігерлерге хабарласқанға дейін, шамамен 15-20 минут бұрын бала ойыншықтарымен бірге су толы ваннада отырған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте белгісіз себептермен жан тапсырған. Бала өлімі туралы деректер "102" – ге жолданды", - деді Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметі.
Бала өлінімін себебі әлі нақтыланбады.