ДАМУ

“Таудағы қауіпсіздік”: Алматыда ауқымды іс-шара өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Алматыда таудағы қауіпсіздік шараларын ескеру мақсатында ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Shymbulak Outdoor ұжымы “Таудағы қауіпсіздік: Қыс мезгілі” атты іс-шара өткізді. Жиын барысында адамның таудағы мінез-құлқы, дайындығы, жабдығы сөз болды. Таудағы қауіпсіздік ережелерін ұстану керектігі айтылды. Табиғат пен адамдардың қауіпсіздігі аясындағы әлеуметтік білім берілді. Іс-шара барысында таудағы жүріс-тұрыс, адамдардың жабайы табиғаттағы мәдениеті мен білімін арттыру тақырыптары бойынша қоғамды хабардар етті. Сонымен қатар жиынға әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты 27-ші бағындырушы және барлық шыңдарға қосымша оттегі қолданбай шыға алған 12-ші альпинист Мақсұт Жұмаев пен Эверест шыңына шыққан тарихтағы алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева келді. 

 

“Алматы тауларды адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан қаза болады. “109” Алматы құтқару қызметінде жұмыс істеп жүргеніме 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында бірнеше қайғылы оқиғалар болды. Адамның тауда көз жұмуының негізгі себебі — адам тауға жалғыз шығады. Қыс мезгілінде бағытынан адасқан адамды табу қиынға соғады. Күн тез батады. Қыс болғаннан кейін қар жиі жауып тұрады. Адамды ізі арқылы табуға да негіз қалмайды. Құтқарушылар жаз мезгілінде 1-2 сағатта жететін жерге қыз мезгілінде 4 сағатта жетеді. Ал бұл уақытта зардап шеккен адам немесе жоғалған адам үсіп қалуы мүмкін. Ол әрі-бері қозғалып жүрмейді. Құтқарушыларды күтіп отырады”, - дейді құтқарушы және альпинизм нұсқаушысы Бақыт Данабеков. 

Bugin.kz

Bugin.kz

Маман қыста болған кейбір қайғылы жағдайлардың себебін айтты. Оның мәліметінше, бивуактарды қауіпсіздікті сақтамай қате орнату, тактикалық жоспардың дұрыс болмауы, киімнің тауға сай еместігі және тау климатына назар аудармау адамды өлімге әкеп соғады. Таудағы ауа райының өзгеруі лезде екен. Маман адамдар қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, тауға ерте шығып, кеш батпай үйге оралғаны жөн екенін ескертті. 

Іс-шара барысында таудағы қауіп-қатерлердің алдын алу жолы да айтылды. 

“Біріншіден ол –дайындық. Дайындық деген не? Желіден көп ақпарат табуға болады. Бірінші маршрутты зерттеу керек. Қайда баратыныңызды анықтап алу керек. Екіншіден, таулы аймақты білетін адамға өзіңіз туралы ақпарат қалдыру. Кейін ауа-райын қарау. Ол үшін бір ғана жердің болжамына сеніп қалуға болмайды. Жан-жақты іздестіруіңіз керек. Сосын адамдар өз күшін дұрыс бағаламайды. Дұрыс есеп жүргізбейді. Адам тауға өзін толыққанды жабдықтап бару керек. Тауға ерте шыққан қашанда дұрыс”, - деді KMGA Trekking компнаиясының негізін қалаушы Абдуллаев Махамбет.  

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Алматы қаласы туризм бюросының қызметкері Айбол Мұратхан да келген қонақтарға мол ақпарат айтты. Ол адам адасып кеткенде, бағытынан адасқанда немесе төтенше жағдай орнағанда орналасатын тау лашықтары туралы мәлімет айтты. 

“Тау лашықтары Алматы қаласы туризм басқармасы мен “109” құтқару қызметімен бірге орналастырылған. Тау лашықтары адамдар төтенше жағдайға түскенде керек. Оның ішінде барлық жағдай жасалған. 3 адамға арналған төсек-орын бар. Сонымен қатар телефон қуаттауға болады. Қыс ауа райында лашықты жылытып тұратын құрылғы да орналастырылған. Адам өзін жарақаттап алған жағдайда, лашық ішінде алғашқы көмек қорабы да бар”, - деді маман. 

Bugin.kz

Bugin.kz

“Шымбұлақ” тау шаңғысы және сноуборд мектебінің нұсқаушылары адамдардың бірден сноуборд теуіп кете алмайтынын айтты. Ол үшін бірнеше рет тауға шығу керегін, бірнеше рет шынығу керегін мәлімдеді.

Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелері, тауда туындайтын қиын жағдайлар мен олардың шешімін табу жолдары қарастырылды.