Bugin

Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалысына өзгеріс енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтарында демалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.