Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полицияның мәліметінше, ол суицид жасаған болуы мүмкін.
Марқұм Ш. Болаттың отбасы үйі өртенгеннен кейін, үнемі полиция қорғауында болған. Қорғау барысында отбасыға қандай да бір қауіп-қатер жасалғаны тіркелмеген.
"Ер адам сағат 23:30-да күзетілген нысаннан шығып, жеке автокөлігімен кетіп қалған”, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда бір топ жігіт Ш. Болатты пышақтап өлтіргенін хабарлаған едік. Олар Шерзаттың 30 жастағы ағасы Нұрқанатты да пышақтаған. Нұрқанат пышақ жарақатынан ауруханаға түскен еді.