Bugin
Фото: инстаграм @polisia_almobl
Шерзат Болаттың ағасының өліміне байланысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция жариялаған алдын ала ақпарат бойынша 30 жастағы ер адам асылып өз-өзіне қол жұмсаған.
Тергеу барысында марқұм өзінің ағасына, яғни Шерзаттың әкесіне жазған хабарламасы анықталды.
Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған.
Еске салайық, бұған дейін Талғар маңынан Шерзат Болаттың денесі табылғанын хабарлаған едік.