Bugin

Оңтүстік Корея президентіне қандай тыйым салынды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Hannah McKay/Getty Images 

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Президенттің үстінен "мемлекетке опысыздық жасау және басқа да айыптар" бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, оған шетелге шығуға тыйым салынды. Шектеуді әділет министрлігі енгізген, ал осындай арызды елдің жемқорлықпен күрес жөніндегі басқармасы түсірген. 

Естеріңізге сала кетейік, президент Юн Сок Ёль 3 желтоқсанда түнде Оңтүстік Кореяда әскери режим жариялап, елдегі оппозициялық күштерді айыптаған. Алайда мемлекет басшысы жарлығының күшін Ұлттық ассамблея бірнеше сағаттан кейін жойып, оппозициялық партия президентке қарсы импичмент жариялау әрекетіне көшті. Кейін ел президенті әскери режим жариялағаны үшін кешірім сұрады.