Bugin

Амилайдың қатысуымен болған төбелес тергеліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Трансгендер Амилайдың қатысуымен болған төбелес тергеліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматыда екі жігіт Амилай есімді трансгендермен төбелескенін хабарлаған едік.  Енді Амилайға қатысты төбелеске тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қалалық департамент істі “Бұзақылық” бабына жатқызып, оқиғаның мән-жайын тергеп жатқанын мәлімдеді. 

“Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп,  құқық бұзушылық  Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр”, - деп мәлімдеді департамент. 

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік трансгендер әскерге шақырту алғанын мәлімдеген еді.