Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айбек Амангелді мәлімдеді.
“Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл - жариялауға жатпайтын ақпарат”, – деді Айтбек Амангелді.
Құқық қорғаушылар әкімдікке наразы екенін жеткізді. Олардың ерсі әрекеттері Қаржаубай Нұрымовты да таң қалдырыпты. Бұл туралы Қаржаубайдың отбасылық адвокаты айтты.
“Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді”, – деді адвокаты Саида Тәуекелова.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйін өртегендер әлі табылмағанын хабарлаған едік.