Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ақмола облысында теміржол бойында әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы көлік полиция департаменті мәлімдеді. Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда сағат 19.00 шамасында Макинка станциясында болған.
Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімі әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын мәлімдеді. Өлімінің себебі анықталып жатыр.
Полиция басқа ақпараттар жарияланбайтынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда жұмысшы көз жұмғанын хабарлаған едік.