Bugin
Фото: freepik.com
Австралиялық блогер қайырымдылық үшін бір жасар қызын улады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Бұл туралы Australian Broadcasting Corporation мәлімдеді. Австралиялық 34 жастағы блогер бір жасар қызын қорлаған. Сонымен қатар 60 мың доллар алаяқтық жасады деп айыпталды.
Полицияның мәліметінше, әйел қызына денсаулығына қауіпті дәрі-дәрмектерді әдейі беріп, оның жаны қиналған сәтін суретке, видеоға түсіріп алған. Содан кейін бұл суреттерді GoFundMe платформасы арқылы қайырымдылық жинау үшін қолданған.
Полицияның айтуынша, 2023 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында әйел қызына заңсыз жолмен дәрі-дәрмектер берген. Сонык ішінде басқа отбасы мүшелеріне тағайындалған ескі рецепттерді қолданған. Тергеушілердің пікірінше, блогер баланы саналы түрде ауыр жағдайға жеткізді.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол GoFundMe арқылы шамамен 60 мың доллар жинады. Қаражат баланы емдеу үшін емес, өз басына жұмсалған.
Еске салайық, "Біз біргеміз" қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат ақша жымқырды деген күдікке ілініп, қолға түскенін хабарлаған едік.