Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ашық дереккөзден
Семейде шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеру аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді.
Енді жұмыс беруші зардап шеккен мұғалімге ем алып жатқан кездегі жалақысын толық көлемде төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтейді.
Іс материалдары полицияға жіберілді. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.
Еске салайық, жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша безендіруге заңсыз тартылған мұғалімдердің бірі биіктен құлап, зардап шеккен еді. Ал мұғалімнің әйелі күйеуінің мүддесін қорғап, жұмысқа заңсыз шақырылғанын, жұмысы үшін ешқандай ақы алмағананын айтқан еді.
Абай облысының білім басқармасы бұл дерекке қатысты мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізді. Кейін Семейде білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды.
Қызметтік тексерістен кейін, шыршаны безендіруге үш мектептен 3 мұғалім тартылғаны анықталған. Бұған жол берген мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.