Bugin
Фото: freepik.com
Алматыға жақын маңда жер сілкінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2025 жылғы 19 қаңтарда төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады",-делінген хабарламада.
Еске салайық, 2025 жылғы 17 қаңтарда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жетісу облысы Жаркент қаласында және Алматы облысы Шонжы ауылында жер сілкінісінің күші 2 баллды құраған еді.