Bugin

Сатиралық пабликтің авторын қорғады: Журналист Әсем Жәпішева қамалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Сот журналист Әсем Жәпішеваны 15 күнге қамады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ол кеше, 20 қаңтар күні Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, “Сатира – қылмыс емес” деген жазуы бар плакат ұстап пикетке шыққан еді. Оқиға орнына 5 минут өтпей полиция барып, журналисті ұстап әкетті. Сот шешімімен журналист 15 күнге қамады. Журналиске "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” (488-бап) деген айып тағылған. Жәпішева сот шешіміне келіспейді. Адвокат Ғалым Нұрпейісов апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Еске салайық, танымал Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі ай мерзімге қамауға алынды.

Ол 174-бап бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе дәни алауыздықты қоздыру")  айыпталып отыр. Темірлан Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Осы жағдайдан кейін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты. 

19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.