Bugin

Ақтауда 5 жігіт қорлаған қыздың өлімі: адвокаттың бірі сотталушыны қорғаудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда 5 жігіт зорлаған қыздың өліміне қатысты сот тағы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталғандардың бірінің адвокаты сотталушыны қорғаудан бас тартты. Сот отырысы қайтадан кейінге қалдырылды.

Маңғыстау облыстық сотында прокуратураның шағымынан кейін спортшы Алина Серікованың өлімі бойынша іс апелляция тағы кейінге қалды.

Апелляция, бұрынғыдай баспасөздің қатысуынсыз жабық режимде өтті. Марқұмның ағасы Бауыржан Жолжанды қолдау үшін сотқа туыстары мен жақындары келді. Келесі отырыс 30 қаңтарға қалдырылды.

Бұл шешім істің жақын арада аяқталуын күткен қатысушылардың наразылығын туғызды. Сот залы айқай-шуға ұласты. 

Еске салайық, былтыр мамыр айында зорлықтың құрбаны болған қыздың тағдыры елді елең еткізді. 5 жігіт жұмыстан қайтып жатқан қызды көлікке қинап мінгізіп, оған есірткі беріп, зорлаған. Таңға дейін қорлық көрген қыздың атынан жігіттер 2 млн теңге несие рәсімдеген. Үйге келген қыз құрбысына барлық жағдайды айтып, өзі терезеден секіріп, мерт болды.