САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Трамптың фейзбугінен
Трамп Канада, Қытай, Мексика тауарларына баж салығын енгізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
АҚШ президенті тиісті жарлыққа қол қойды. Дональд Трамп бұл шешімін заңсыз көші-қон мен есірткі контрабандасының қауіп-қатерімен байланыстырып отыр.
Кедендік баж салығының мөлшері Канада және Мексиканың өнімдері үшін – 25%, ал Қытайдан келетін тауарларға 10% болмақ. Сонымен қатар Канаданың шикі мұнайына 10% салық енгізіледі.
“Біз америкалықтарды қорғауымыз қажет, менің міндетім – барлық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету”, - деп жазды Ақ үй басшысы.
Үш ел бұл шараға жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті мен Путин Қазақстанда кездесуі мүмкін екенін хабарладық.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61