ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Instagram/ a.kishkenbaev
Әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желіде өзі туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еске салайық, бұған дейін Алмас Кішкенбаев “ер балаға тиіскені” туралы хабарлаған едік. Кейін ол полиция бөлімшесіне жеткізілді деген ақпарат тарады. Әнші бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал полиция департаменті аталған оқиғаны растамады.
“Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз телеарналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді. Олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мені мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?”, – деді әнші.
Әншінің пікірі әлеуметтік желіде тарады. Бірақ Алмас Кішкенбаев желідегі жеке парақшасына ешқандай видео не ақпарат салмады. Сондықтан әншінің пікірі жазылған видео ресми расталмады.