ҚОҒАМ

Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалаған адам 8 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалап, пәтер талап еткен адам сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен бұрынғы ЖШС қызметкерін бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп таныды. 

“Ол кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылық туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжатын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кесті”, - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.