Bugin

Қонаевта қатарластарынан зәбір көрген оқушы: ақпарат жалған болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/ gulmir_ktk

Қонаевтағы ауруханаға түскен оқушы туралы тың ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында оқушы көпірдің астында соққыға жығылып, жан сақтау бөліміне түсті деген ақпарат таратқан едік. Алайда бұл жалған болып шықты. 

Ресми деректерге сүйенсек, 31 қаңтарда 9-сынып оқушысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына “химиялық антисептикпен улану” диагнозымен түскен. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін, қазіргі таңда жағдайы тұрақты екенін айтты. Ал полиция “өзін-өзі өлтіруге жеткізу»”бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ білім бөлімі орта мектеп-гимназиясындағы тәртіптік жағдайға қатысты комиссия құрды.

Оқушының анасы төбелес болғанын жоққа шығарып, бейнежазба түсірді. 

“Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға шыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ”, - дейді оқушының анасы.