ДАМУ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Polisia.kz
Қазақстанда енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көптілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.
QR-коды бар алғашқы карточкалар Астананың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.
SafeTravel.kz-те:
"Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.