Bugin

Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты халықаралық сотқа шағымданбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Әзербайжан билігі Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша халықаралық сотқа шағымданбақшы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Баку дәлелдер мен фактілерді жинап жатқан көрінеді. Биліктің қолында ұшақты атып түсірген ресейлік Панцирь-С зымырандарының бөліктері бар. Әзірбайжан сол бөліктерді халықаралық сотқа дәлел ретінде ұсынбақшы. 

“Дәлелдемелер базасы қалыптасып жатыр, фактілер жиналып, халықаралық сотқа шағымдануға дайындық жүргізілуде. Дегенмен, Ресеймен диалогқа ашықпыз. Мәскеу кінәсін мойындап, жауапкершілікті өзіне алу керек. Егер олай болмаса, Баку келесі қадамдарға дайын”, — деп жазады АРА агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін Көлік министрлігі Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағының тергеу жұмысының алдын ала есебін ұсынған болатын.