ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Instagram/ janibek_alimkhanuly
Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы кім болатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Top Rank-тың хабарламасында жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы "Барыс Арена" мұз сарайында өтетіні жазылған.
"Орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы, жеңіліп көрмеген Анауэль Нгамисенмен жекпе-жек өткізіп, WBO және IBF титулдарын қорғайды", - делінген хабарламада.
Мәліметтерге сүйенсек, Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Анауэль Нгамиссенгге соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың маусым айында өткізген, онда ол Сандро Джажанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Оның қоржынында 14 жеңіс, оның тоғызы – нокаутпен, жеңіліп көрген жоқ. Ал Qazaq style деген атпен танымал Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында рингке шыққан болатын. Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері, оларды 2024 жылы бір рет қорғаған.